| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру | DOC |
| 2 | Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру | DOC |
| 3 | Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу | DOC |
| 4 | Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшері | DOC |
| 5 | Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері | DOC |
| 6 | Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау | DOC |
| 7 | Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері | DOC |
| 8 | Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру | DOC |
| 9 | Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру | DOC |
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қайнекей көшесі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету кестесі стандартқа сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 9-00 ден 18-30 ға дейін. Түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 ға дейін.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 22 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде 9-түрі бағынысты мекемелермен көрсетіледі. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты бекітілген жауапты қызметкерлер бар.
2022 жылдың есептік кезеңінде барлығы - 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде жергілікті атқарушы орган арқылы - 285, мемлекеттік корпорация арқылы - 18, электронды түрде - 1735.
Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметі 2018 жылдан бастап «HANALI 2013» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, 21 мектепке, 3 мектепке дейінгі ұйымға және 1 білім бөліміне "SAKURA", "INDIGO" ақпараттық жүйелері орнатылып толығымен электрондық режимге көшірілген. 2022 жылы «МINDAL» ЖШС-мен 1 млн. теңге көлемінде келісімшарт жасалып ауданның қосымша білім беру ұйымы да «МINDAL» ақпараттық жүйесі орнатылып электрондық режимге көшірілді. Сонымен қатар бірінші сыныпқа өтінім беруді автоматтандыру жүйесі де электронды режимге толығымен көшіріліп жұмыс істеуде. Қазіргі таңда аталған ақпараттық жүйелер бойынша кедергілер туындап отырған жоқ.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тікелей өзі көрсететін қызметтері АРМ МОН автоматтандыру жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қызмет алу үшін 15 мектепте жағдай жасалынып пандустар орнатылған. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары орналасқан.
Неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызмет: «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі; «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі; «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге байланысты Білім беру ұйымдарында 48 дөңгелек стол отырыстары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Білім бөлімімен 11 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Бөлімде орналасқан ақпараттық стенд мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық актілерімен жабдықталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары аудан әкімдігінің және Білім бөлімінің интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде орналасқан. 2022 жылы қызмет көрсетуден бас тарту, мерзімдердің бұзылуы фактілері тіркелген жоқ. Қызмет алушылар тарапынан арыз-шағым болған жоқ.

