2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

05 Нау 2025
Бөлім туралы

«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кезекті Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелері қаралды

«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кезекті Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелері қаралды.

Білім бөлімінің басшысы А.Қасым кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелерінің орындалуына, шешілуіне мән берді.

  • «1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету, мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру; 
  • 2024-2025 оқу жылында оқушылардың педагогикалық оқылымдардың аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерге қатысу мониторингі туралы есебі берілді.
  • Білім беру ұйымдарында ыстық тегін тамақтың берілуі туралы;
  • «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатына үміткерлер, Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлық туралы;
  • Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі туралы;
  • «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры А.Р.Рыскельдинның «Білім сапасын арттыру, мектептің контингентін сақтау туралы» есебі тыңдалды.

Кеңес отырысының соңында білім саласында білім беру басқарып отырған 10 нәзік жандарына Білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.

https://www.facebook.com/share/p/1BjCcj8mz3/

Пайдалы ақпараттық ресурстар