2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

14 Желт 2024
Хабарландыру

Хабарландыру! Ата-аналар үшін!

Хабарландыру!
Ата-аналар үшін!

2024 - 2025 оқу жылында 1 сыныпқа қабылдау туралы.

Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін барлық білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа өтініштер қабылдау басталатынын хабарлайды.

1-сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб порталы арқылы, сондай-ақ «SAKURA:электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:

1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
2) медициналық анықтамалар:
* Денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысаны (егу картасы)
* №052-2/у нысаны (баланың денсаулық паспортв)
Баланың сандық фотосуреті 3х4 см.

Пайдалы ақпараттық ресурстар