2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

14 Желт 2024
Хабарландыру

2024 жылдың үздік ұйымы

Хабарландыру!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурстың аудандық кезеңін өткiзу туралы хабарлайды:

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 67 бұйрығына сәйкес:

«Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
- рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.

1. «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.

2. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби жәнежеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
2) II кезең – облыстық, Астана және Алматы қалалары, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.
«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 28 ақпан № 88 бұйрыққа сәйкес конкурстың І кезеңін өткізуге іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұйымдастырушылық комитеті құрамы белгіленді.

2024 жылдың 25 сәуірге дейін құжаттары конкурстың аудандық кезеңіне қабылданады. Торғай ауылы, Қайнекей көшесі, 1 мекен жайында орналасқан «Жангелдин ауданы білім бөлімі» ММ қабылданады.

Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;
2) Конкурс Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.

Облыстық кезеңде Конкурс жеңімпаздары «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері Грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар