2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Өзін-өзі бағалау

«Педагог-модератор»

«Педагог-модератор» біліктілік санатын беру туралы

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Жангелдин ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемсінің «Бұдан әрі-білім бөлімі» білім беру ұымдарының педагогтарына біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес және білім бөлімінің 2022 жыл 2 желтоқсандағы №268 бұйрығына сәйкес мына төмендегі білім беру ұйымдарының педагогтарына «Педагог-модератор» біліктілік санаты берілді;

Демисенова Сымбат Сериковна - «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пән мұғалімі

Қойшина Толғанай Жұмабекқызы - «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Жангелдин ауданы білім бөлімінің Тәуіш бастауыш мектебі» КММ-нің мектепке дейінгі тәрбиеші.

Рахимжанова Мендигуль Дуанбековна- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Пайдалы ақпараттық ресурстар