2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

ХАТТАМА №5

Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі

ХАТТАМА №5

«28» желтоқсан 2018 жыл

Төрайымы: Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы

Қатысқандар: 8 адам /тізім бойынша/

 КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 41 түлектерін демеушілікке тарту

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2018 жылдың желтоқсан айының  27 күні Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 41 түлектері мектеп оқушыларына 120 (жүз жиырма мың ) теңге көлемінде  арнайы спорттық киім тапсырып, демеушілік жасады.   

Сөз алғандар: Кеңес төрайымы Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы – демеушілік жасаған мектептің 41 түлектеріне үлкен алғысын білдірді.

Пікір білдірушінің сөзін тыңдай келе, қамқоршылық кеңес ШЕШТІ:

1.1 Мектепке көмек көрсетіп демеушілік жасап отырған 41 түлектердің игі істері жандандырылсын;

Пайдалы ақпараттық ресурстар