2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы

Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы 

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі

ХАТТАМА №4

«27» желтоқсан 2019 ж

Төрайымы: Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы

Қатысқандар: 8 адам (тізім бойынша)

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.  Мектеп ауласын жарықтандыру жөнінде /Ысмағұл.Г/

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп ауласын жарықтандыру жөнінде мектеп ата- анасы, әрі кеңес мүшесі Т. Сәбитұлы өзі жеке қаржылай көмек көрсетіп, мектеп ауласының 4 нүктесіне прожектор орнатып берді. Жалпы жұмасалған қаржы сомасы 38 000 (отыз сегіз мың) теңге көлемінде болды.

Қамқоршылық кеңес ШЕШТІ:

  1. Алдағы уақытта демеушілерді тарту арқылы білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету жұмысы көрсетілсін.

  Қамқоршылық кеңес мүшелері:  /қолы қойылған/

                                                                              Ысмағұл Г.М.

                                                                                 Сүндетбай А.Х.

                                                                             Сәбитұлы Т.

                                                                                 Құлтанов Қ.Ж.

                                                                               Жамалиев Б.

                                                                                  Мырзағұлов С.

                                                                                Қапанов Е.А.

Пайдалы ақпараттық ресурстар