2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

Жангелдин орта мектебінде Қамқоршылық кеңес отырысы 2019 жылдың 21 желтоқсан күні өтті

Х А Т Т А М А  № 4

Жангелдин орта мектебінде Қамқоршылық кеңес отырысы 2019 жылдың 21 желтоқсан күні өтті.

Барлығы: 9 адам

Қатысқаны: 9 адам

К ү н    т ә р т і б і н д е:

  1. Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысының есебі

Т ы ң д а л д ы:

Қамқоршылық кеңес төрайымы Д.Жалкенова өз білдірмесінде: «2019 жылдың 25 қазанында мектепте  «Күзгі сый» жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған, көп балалы, қорғаншылықтағы жанұя балаларына көмек көрсетілді»

«Бақытты балалық шақ» атты оқушылардың жеке фотогалереясы өтті. «Мейірімі мол жандар» атты әдеби – сазды өткізілді. Бағдарлама барысында ән, би, мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Жүрегі мейірімге толы, жүзі қуанышқа толы жандарымыз көп болсын деген тілекпен, мереке соңында сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Елеубаева Анар оқушыларға сыйлықтар беріп марапаттады. 

Мектепте белсенді ата-аналар мен сынып жетекшілер кеңесін өткізіп, мектеп психологы «Отбасым-бақытым» тренинг өткізіп,  «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» тақырыбында  сауалнама алынды.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Сейтқұлов Саян  мектебімізге  200  мың теңге көлемінде ішкі дәретханаға су құбырын тартып берді.
«Жаңа 2020 жыл» мерекесі қарсаңында орта мектебінде ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімінің шырша мерекесіне Д.Әлімжан өз көлігімен тегін апарып-алып келуді ұйымдастырды.

Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1.«Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Демеушілерге қатынас хаттар таратылып, жұмыс
күшейтілсін.

Кеңес төрайымы:  Д.Жалкенова

Хатшы:  Д.Әлімжан

Пайдалы ақпараттық ресурстар