2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі, Ғ.Қайырбеков атындғы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама №4
«Жангелдин ауданының  білім беру бөлімі, Ғ.Қайырбеков атындғы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Өтілген уақыты: 12.12.2019.
Өтілген орны:қазақ тілі кабинеті

Мәжілістің  басталуы: 15.00
Мәжілістің  аяқталуы: 16.10
Мәжіліс төрайымы:Мұқаш.М
Қатысушылар:
 Қамқоршылық кеңес құрамы-9

Қатыспағандар: жоқ

Шақырылғандар:___9___

Күн тәртібінде:

  1. 2019-2020 оқу жылының  негізгі қорытындылары
  2. «Мектепке жол акциясы» туралы
  3. Тәуелсіздік күні мен жаңа жылға дайындықтың ұйымдастырылуы туралы.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мұқаш Мирамкүл төрайымдық етуімен

2019-2020оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде 2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамында 9 адам жұмыс жасағандығы жөнінде, мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болғандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсеткендігі туралы да тоқталып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс - шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін буфеттік тегін тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде айтты. Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналарды арнайы түрде шақырылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ұстаздар ұжымы, оқушыларымыз ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтағаны туралы да айтып өтті.

3- мәселе бойынша директордың  тәрбие ісі орынбасары  Г. Карпыкова  желтоқсан айында мектепке біршама іс-шаралар ұйымдастырылады. Ата-аналар тарапынан да Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға ат салысуды өтініп отырмыз.

кезекті отырысында 2019-2020 оқу жылының мақсат-міндеттерін қойып, жоспарларын айқындап, қамқоршылық кеңесінің төрайымы кеңес мүшелеріне және мектеп директорына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.   

Шешім:  

  1. Белгіленген жоспар бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру, қамқоршылар кеңесінің жұмысықанағаттанарлық деп саналсын.
  2. Жаңа жылға арналған шыршаға кезекшілік ұйымдастыру, жоғары деңгейде өтуін ұйымдастыру.

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Мұқаш М.М

Хатшы: Айсағалиева Н.Қ

Пайдалы ақпараттық ресурстар