2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңестің отырысы «С.Мәуленов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Хаттама №4

Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңестің отырысы

«С.Мәуленов атындағы орта мектебі»КММ-сі

26.12.2019

Қатысқандар: 7 мүше

Шақырылғандар:

1.Мектеп директоры-Садвакасов О

2.МДТІЖО-Елшаманов Б

3.Әлеум.педагог-Абдрахманова А.А

Күн тәртібінде:

1.4  тоқсан бойынша қорытынды

2.Жаңа жылды өткізу.

Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы  Садвакасов О хабарлама жасады.Директордың айтуы бойынша оқушылардың білім сапасы бірінші  тоқсанға қарағанда екінші тоқсанды білім сапасы артқан, сонымен қатар жарты жылдықта мектеп оқушыларының аудандық жетістіктері 9  сынып оқушысы Жұмағали Е поулифтинг сайысынан үшінші орын алғанын  және аудандық волейбол сайысынан қыздар командасы екінші орын алып жетістікке жеткенін айтып өтті..

2.Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша Жаңа жыл мерекесінің өту барысы   ҚК төрайымы Шандауова А.Ж мектепке ата-аналардың көмегімен және жеке кәсіпкер Сейдахметова Ж.М демеуімен өте жоғары деңгейде мектебімізде аудандық әкім шыршасына көпбалалы отбасылардан оқушылар апаруға өткені жайлы баяндама жасалды. Сейдахметова Ж.М 20 балаға үлестірме сыйлықтар таратып,қуанышқа кеңеген.

ҚК шешім етеді:

1.Орта мектеп ҚК бірлесіп мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға , оқушылардың қалыпты білім алуына,СӨС насихаттап өзара ынтымақтастықта бірігіп жасау жұмыстары жалғастырылсын.

2.Демеушілерден жинақталған қаржыға өзара бірігіп жұмыстар атқару. Одан әрі  басқа жда акцияларды ұйымдастырып, демеушілер мен жеке кәсіпкерлерді тарты  жұмыстары жандансын.

Қамқоршылық кеңестің төрайымы:               Шандауова А.Ж

                                               Мүшесі:        СаликоваГ.Ф

                                               Мүшесі:        Баширова А.К

                                               Мүшесі:        Шайменов К

                                               Мүшесі:        Сейдахметова Ж.М

                                               Мүшесі:        Казиханов Н.Т

                                               Мүшесі:        Ерболат Қ.Е

                                               Мүшесі:        Міркемелова К.Е

                                                хатшы:        Абдрахманова Т.Н

Пайдалы ақпараттық ресурстар