2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

Ш.Уалиханов атындағы Торғай орта мектебі»КММ-нің қамқоршылық кеңесінің ХАТТАМАСЫ №2

Ш.Уалиханов атындағы Торғай орта мектебі»КММ-нің қамқоршылық кеңесінің

ХАТТАМАСЫ №2

Торғай ауылы 18.11.2019

Жиналысқа қатысқаны-9 адам

Қатыспағаны -0

  1. Ибраев Асылбек - кәсіпкер
  2. Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
  3. Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
  4. Аманкельдина Эльмира – мұғалім
  5. Темирова Жанат- Аудандық білім бөлімі әдіскер
  6. Құлжанов Жасқыран- аудандық әкімшілігінде бас маман
  7. Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
  8. Әлімжан Мұратбек - аудандық ішкі істер бөлімі
  9. Омарова Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Қамқоршылық кеңесінің жүргізген жұмыстарына бақылау
  2. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға кәсіпкерлерден көмек ұйымдастыру

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеушілер:

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Құлжанов Жасқыран: Өткен 2018\2019 оқу жылында мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысы жоспар  бойынша жүргізілді. Үш рет кеңес отырысы өткізіліп атқарылған жұмыстарға есеп берілді.Аудан орталығындағы жеке кәсіпкер Құтышева Сәрсенкүл көмек қажет ететін оқушыға қамқоршылық көрсетті. Құтышева Сәрсенкүл 15 мың теңгенің киім кешегін және оқу құралдарын берді.

Ахметбеков Байбатыр. Аудандық «Біздің Торғай» газетінің тілшісі:

Осы мектепте балаларым оқиды. Қамқоршылық кеңестің жұмысына жақсы бағамды беремін. Алдағы уақытта да осы жұмыс жалғаса береді деген сенімдемін. Көмек қолын созатын демеушілер болса әлі де өз көмектерін көрсетеді деп ойлаймын.

Әлімжан Мұратбек . Жангелдин аудандық жасөспірімдер инспекторы.

Мен жасөспірімдер инспекторы ретінде мектеппен үнемі байланыстамын. Мектептің әлеуметтік педагогында тізім бойынша оқушылар бар. Сол оқушыларға көмек беруде алдағы уақытта да көмек көрсетіле береді деп ойлаймын.

Нұрмағанбетов Талғат. Қамқоршылық кеңестің мүшесі.Осы құрамда қамқоршылық кеңестің жұмысы жалғассын деген пікірдемін. Мектеп ішінде туындап жатқан мәселелер әзірше жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:

Қаулы қабылдады:

  1. Мектеп бойынша құрылған қамқоршылық кеңесінің жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. Алдағы уақытта мектептің әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларына қамқоршылық кеңестің көмек беруі жалғасын тапсын.

«Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:          Құлжанов Ж

Хатшы:                        Амангельдина Э

Пайдалы ақпараттық ресурстар