2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің ХАТТАМАСЫ №6

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің

ХАТТАМАСЫ № 6

Торғай ауылы

14.02.2020 жыл

Жиналысқа қатысқаны-  9 адам

Қатыспағаны-0

  1. Ибраев Асылбек - кәсіпкер
  2. Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
  3. Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
  4. Аманкельдина Эльмира – мұғалім
  5. Темирова Жанат- Аудандық білім бөлімі әдіскер
  6. Құлжанов Жасқыран- аудандық әкімшілігінде бас маман
  7. Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
  8. Әлімжан М- аудандық ішкі істер бөлімі
  9. Омарова Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Қамқоршылық кеңестің ІІ жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;
  2. Қайырымдылық акциясының қорытындысы

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тыңдалды:

Құлжанов Жасқыран - қомқоршылық кеңестің  төрағасы : мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасы Құлжанов Ж қамқоршылық кеңестің ІІ жарты жылдығында жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп ұжымы мен ата-аналар 35000 тенге қаржылай көмек көрсетті. Осыған мектебіміздің мөлтек ауданында тұратын аз қамтылған екі отбасының оқушыларына азық-түлік және де киім кешектер берілді.

Сөз сөйлеушілер:

Құлмағанбетова А.С-ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

Біз осы мектептін құрылған қомқоршылық кеңесінің мүшелері  өз қолымыздан келгенше көмектесеміз.  Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына алдағы уақытта да көмегімізді жасай береміз.

Нұрмағанбетов Т-ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

Бүгінгі кеңес отырысында мектеп әкімшілігімен біріге отырып жұмыс жасасақ жақсы нәтижеге жетеріміз анық. Осындай акцияларды алдағы уақытта жиі-жиі ұйымдастыратын боламыз.

Қаулы етеді:

  1. Мектепің қамқоршылық кеңесінің ІІ жарты жылдық бойынша жоспары бекітілсін.
  2. Қамқоршылық кеңесі мүшелері алдағы уақытта өткізілетін іс-шараларға белсене ат салыссы

«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған

қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ж. Құлжанов

Хатшы: Э. Аманкельдина

Пайдалы ақпараттық ресурстар