2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

Бабалар өсиеті - тарихи жәдігер

Байқауға барлығы бес мектептен 7 мұғалім өз жұмыстарын қорғады.Байқау нәтижесінде Жангелдин орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жәлелова Алмагүл Әміржанқызы «Туған жер –тұнған тарих» тақырыбындағы 10-11 сыныптарға арналған таңдау курсының бағдарламасы І орынды иеленді . Ш.Уәлиханов орта мектебінің мұғалімі Маликзадинова Райхан «Қазақ тілі, халық тәрбиесі» тақырыбындағы 5 сынып қа , «Ұлылар мекен еткен киелі жер мен топонимикасы» тақырыбында таңдау курсының бағдарламасы және Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайырбекова Қызылгүл Толыбайқызы «Билердің сөзі- нақылдың көзі» тақырыбында таңдау курсының бағдарламасы үшін ІІ орынды иеленді.Ш.Уәлиханов орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қабажаева Тамаша қолданбалы курс бағдарламасы және Қайдосов орта метебінің биология пәнінің мұғалімі Боранбаева Жанар өлкетану клубының жұмысы үшін иеленді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар