2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

«Менің кіші - Отаным» интеллектуалдық олимпиада

-«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша I-орын Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асқар Жанеля Асқарқызы, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мүсілім Наргиз, III-орын Н.Г.Иванов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рахымжан Ерұлан иеленді.

-«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша II-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жәкіш Қайрат, III-орынға Ш.Уәлиханов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қылышбек Айзат иеленді.

-«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша I-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жүсіп Әулетбек, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәлім Шыңғыс, III-орынға Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серік Жансая иеленді.

-«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша II-орынға Ы.Алтынсарин 9 сынып оқушысы Нұрханқызы Гүлназым, III-орынға Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаңбырбай Ақбаян ие болды.

Әдіскер: Гүлдана Қайыржанқызы

Пайдалы ақпараттық ресурстар