2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

«ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ»

22 мамыр 2019ж. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде сазгер Болат Хамзиннің туған күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аудандық "Таланттарды іздейміз" ән байқауы XV рет өткізілді. Байқауға ауданымыздың 10 мектебінен 17 оқушы қатысты. Атап айтар болсақ, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Қаратүбек, С.Мауленов, Қ.Жармағанбетов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Топаев, А.Қоңқабаев, А.Байтұрсынов орта мектептері мен Шұбалаң негізгі мектебі. Оқушылардың дайындығы былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы екендігі байқау барысында байқалды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қаратүбек орта мектебінің оқушысы Темірұлы Рамазан, ІІ орынды Ғ.Қайырбеков орта мектебінің оқушысы Ахмедя Алмат, ІІІ орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Балғалы Мерей және А.Байтұрсынов орта мектебінің оқушысы Жармедетова Көркем өзара бөлісті. Жүлдегер оқушыларды мектеп директоры Жанар Асанқанқызы арнайы мадақтамамен марапаттап, статуэткалар табыс етті. Сазгердің қызы Гүлзат Болатқызы М.Айтқожинаның сөзіне жазылған әкесінің "Орамал" әнін орындады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар