2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

«Ханталапай» атты интеллектуалды ойын - сайысы өтті

2019ж. 12 сәуір күні Жангелдин ауданы, Торғай селосында Ш.Уәлиханов орта мектебінің базасында «Ханталапай» атты интеллектуалды ойын - сайысы өтті. Сайысқа ауданның бала-бақшасынан, қысқа мерзімді шағын топтардан 60 бүлдіршін ат салысты. Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Ойынның шартымен бүлдіршіндер толықтай танысты. Білім бөлімі әдіскерлерінің төрешілігімен қорыта келе 1-ші орынға ие болған Ы.Алтынсарин орта мектебінің бүлдіршіні алға басып озса, 2-ші орынды Ш.Уәлиханов орта мектебінің бүлдіршіні жеңіп алды. 3-ші орынға Н.Г.Иванов орта мектебінің бүлдіршіні ие болды. Сайыстың нәтижесі: бүлдіршіедер асықтың түр-түрінен ажырата бастады, асықпен толықтай танысты. Келешекте асық ойындарымен ойнайтынын білдірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар