2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

«АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЛАШ ЖОЛЫ» қорытынды жиын

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЛАШ ЖОЛЫ» тақырыбында Қостанай облысы Жангелдин ауданы білім беру мекемесінің білім саласы қызметкерлерінің қорытындылау іс шарасы аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өткізілді.

Қорытынды жиынның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасын зерделеу, алаш қайраткерлерінің қиын-қыстау кезіндегі өмірімен таныс болуға бағытталған.

Білім беру ұйымдарының педагогтары Ахмет атамыздың асқақ бейнесін көрермендерге әр қырынан көрсете білді. Қорытынды жиында әр мектеп берілген арнайы тақырыптар негінде Ахмет атаның өмірінен көрініс көрсету көзделген болатын. Ерекше дайындықпен келген Аманкелді, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қаратүбек, Қайдосов, Жармағанбетов, Н.Г.Иванов мектептерінің ұстаздарының шығармашылық ізденістегі жұмыстарын атап өткен жөн. Аудан мектептерінің бір топ оқушыларының Ахмет өлеңдерін жатқа айтуда көрермендердің ойынан шыққандай. Іс шара соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай Қостанай облысы әкімі Қ.Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен білім саласына зор үлес қосып жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Торғай ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Зарыпбай және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы З.Бәйменованың Құрмет грамотасымен Қ.Қайдосов атындағы ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Дәрібаева мен Қ.Топаев атындағы ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Г.Жұмабаева марапатталды. Жиын соңында Ахмет образын сомдаған мектеп педагогтарына, көрініске қатысқан мектеп ұжымдарына білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар табыс етілді. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанат Карбозқызы әдіскерлерінің А.Байтұрсынұлының мерейтойына сәйкес жыл бойғы жүргізілген жоспарлы жұмыстарына жоғары баға беріп, еңбек жолдарына шығармашылық табыс тіледі.

{gallery}it8/it8/2/ruhani/15{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар