2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

22 Қаз 2025
Тамақтану Образовательный портал города Уральск

2025 жылғы 8-17 қазан аралығында ведомствоаралық сараптама тобы құрамы ауданның білім беру ұйымдарын және екі балабақшалар «Балдырған» бөбекжайы, жеке «Жылы ұя» бөбекжай балабақшасын аралады

2025  жылғы  8-17 қазан аралығында ведомствоаралық сараптама тобы құрамы  ауданның  білім беру ұйымдарын  және екі балабақшалар «Балдырған» бөбекжайы,  жеке «Жылы ұя» бөбекжай балабақшасын аралады.

Аудан орталығындағы білім беру ұйымдары мен балабақшалары санитарлық талапқа сай жұмыстарын жасап отыр, балаларға ұйымдастырылған  тамақтану  Жаңа стандартқа сәйкес жасалған, перспективалық  ас мәзіріне  және балалардың жасына сәйкес беріледі.

Жұмыс барысында Қаратүбек ЖББМ-де тамақтандыруды ұйымдастыруда ескертулер мен бұзушылықтар анықталды, жеке кәсіпкер Б.Калиеваға ескерту хаты жіберілді, мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагогы,медбике, бракеражды комиссиясының мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сараптама тобымен уақыт беріліп, қайта араланып, кемшіліктері жойылды. 

 

Атауы Жүктеу
1 Сарысу PDF
2 Каратубек PDF
3 Балдырған PDF
4 Кайдосов PDF
5 Ш.Уалиханов PDF
6 Шубалан PDF
7 Жылы ұя PDF
8 Иванов PDF
9 Каратубек PDF
10 Ы.Алтынсарин PDF
11 Тамақтану стандарты PDF
12  Мәзір 2026 жыл Костанай PDF

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар