2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

14 Желт 2024
Жаңалықтар

«МЕН OFFLINE» атты «Интернетсіз бір күн» акциясы бастау алды

Жангелдин ауданы білім беру бөлімі ММ-нің ұйымдастыруымен қаңтар айының 20-24 аралығында аудандық «МЕН OFFLINE» атты «Интернетсіз бір күн» акциясы бастау алды.

Акцияның мақсаты интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану ммәдениетін арттыру болып табылады. Бұл акцияға әр түрлі жастағы оқушылар атсалысты. Акциясына байланысты бірнеше іс – шаралар өткізілді. Білім беру ұйымдарында флешмоб ұйымдастырылды. 4 сыныптың оқушылары «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» тақырыбында сурет байқауы және 5-8 сынып оқушылары осы тақырыбында әссе байқауы өтті.

Шұбалаң негізгі мектебінде мектебінде «2020 жылы 23 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне» арналған «Мен OFFLINE» республикалық балалар акциясының іс-шара жоспары бекітіліп, іс-шаралар жоспарға сай өтті.

Акцияның мақсаты интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру болып табылады. Осы орайда мектебімізде интернет сабағы және сынып сағаттары,сурет байқаулары, эссе жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ,1-4 сынып оқушыларының «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім!» сурет байқауы өтті. Байқауға 1-4 сынып оқушыларының 13 оқушы қатысып балалар өз ойларын түрлі бояулармен өз ойларын ақ парақ бетіне түсірді. Жақсы салған суреттер 4 сынып оқушысы Жұмабек Диана Айзере ,3 сынып оқушылары Мейрамбек Ақпөпе мен Орынбай Айқын және Жұмабек Ұлжан,1-сынып оқушылары Еркін Бекзат пен Ихсан Жанерке өз өнерін көрсете білді,5-9 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе жұмысын барлық сынып жазды. Эссе жұмыстарын тексере келе 8- сынып оқушысы Садман Аружан, 7- сынып Қонысбай Жансая, 6- сынып Айтбайқызы Назерке мен 6- сынып оқушысы Садман Ерасылдың жұмыстары өтті.

Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу - алда тұрған басты міндеттердің бірі деп Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету. Сонымен қатар Халықаралық интернетсіз тақырыбында оқушылармен және ата –аналар, мектептің педагогтарымен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында ата аналар сөз сөйледі.

Пайдалы ақпараттық ресурстар