2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

14 Желт 2024
Жаңалықтар

Құрметті Қостанай облысының мектеп оқушыларының ата-аналары!

2020 жылға 6 сәуірде облысымыздың барлық мектептері қашықтықтан оқытуға көшіуіне байланысты Сізге Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі өтініш етеді.

Карантин жағдайында бұл оқу түрі осы оқу жылын сәтті аяқтаудың жалғыз мүмкіндігі болып отыр. Қазір барлығымызға да оңай емес.

Біздің балаларымыздың мұғалімдеріне одан да қиын. Қысқа уақыт ішінде қашықтықтан білім беру үдерісін ұйымдастыру-бұл өте қиын міндет. Бірақ! мұғалімдерімізге оқу жүктемесінен басқа ата-аналардың сұрақтары мен өтініштерін реттей отырып , олармен көп жұмыс істеуге тура келеді. Біз барлық ата-аналарды балаларымыздың мұғалімдерімен қарым-қатынаста әрдайым табандылық, шыдамдылық, өзара түсіністік танытуды сұраймыз.

Виртуалды ортаның өсу әсері жағдайында әлеуметтік, бейвербальдік, эмоциялық байланыстары айтарлықтай қысқарған мектеп оқушыларына да оңай емес. Осы уақытқа дейін біздің балаларымыз үшін мектеп пен қосымша білім беру ұйымдары баламалы пайдалы шынайылық болған, бірақ бүгінгі күні бұл да шектеулі және балаларымызды гаджеттерге тәуекел етеміз деп қорқамыз. Цифрлық аутизм қоғамда ең қорқынышты пандемиядан тезірек таралады. Одан аман қалу-тек отбасында ғана. Енді тек біз, ата-аналар, балалардың әлеуметтік кеңістігін ұйымдастыруға жауаптымыз. Біздің міндетіміз оны қазіргі заманғы техникалық құралдар, балаларымызға достарын, педагогтарды және бізді ауыстырмай, білім алатын құрал болып қалатындай етіп ұйымдастыру.

Құрметті ата-аналар! Барлығымыз да алаңдаулымыз, күмәнданудамыз. Бұл өзгерістерді қабылдау қалыпты. Бірақ бүгін, біз үшін ортақ жауапкершілік қажет. Өйткені қашықтықтан оқытуға уақытша көшу үдерісінен біздің балаларымыздың қиындықсыз өтуі тек екі институт қана көмектесе алады – бұл отбасы мен мектеп, олар бір-бірімен толық, үздіксіз және сапалы өзара іс-қимыл жасау шартымен жасай алады.

Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі бұл сынақты тек отбасы институты ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мектептің әріптестік қарым-қатынасын күшейтеді деген сенімдеміз!

 

Қостанай облысы ата-аналарының

сараптамалық-консультативтік кеңесі

денсаулық, амандық және

оқу жылын сәтті аяқтауды тілейді

Пайдалы ақпараттық ресурстар