2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Жаңалықтар

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 22 қаңтардағы №02-08/272 шығыс хаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 822 хаты негізінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» онкүндігін өткізу бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ қарасты ауданның жалпы білім беретін мектептеріне 2021 жылдың 22 қаңтарда №54 шығыс хаты жіберілді.

Онкүндіктің мақсаты: Пандемия кезеңінде балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Онкүндікті өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2021 жылғы 19 -29 қаңтар аралығында.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.

Іс-шараның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі» КММ-не 15 км аралығында орналасқан Көлқамыс ауылынан орналасқан, 10-11 сыныптардың-7 оқушысы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Мыржақып Дулатов жалпы білім беретін мектебі» КММ-не 5 км аралығанда орналасқан Ошағанды ауылынан 13 оқушы, барлығы күнделікті мектепке, мектептен кейін үйге 20 оқушы тасымалданып оқытылады.

Оқушыларды тасымалдау екі УАЗ көлігімен жүзеге асырылады. Тасымалдауды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» онкүндігі Тұжырымдамаға сәйкес өткізілуде. Онкүндіктің мақсаты пандемия кезеңінде қауіпсіз тасымалдау, санитарлық ережелердің сақталуы ескеріліп және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін құқық қорғау органдарымен бірлесіп жандандырылды. Faceboook әлеуметтік желілерінде онкүндікті өткізу барысы туралы ақпараттар жарияланды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар