2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Жаңалықтар

«Мен тәуелсіз елдің ұланымын» атты аудандық байқау

2023 жылдың 31 қазан күні аудандық сырттай «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» атты байқау өткізілді.Байқауға 8-9 сынып оқушылары қатыстырылды.Байқаудың негізгі мақсаты:өскелең ұрпақты патриоттық рухта және Қазақстанның тарихы дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

І-орын: «Қ.Қайдосов ЖББМ»-нің 9 сынып оқушысы Асыланқызы Кәусар.Жетекшісі:Ж.Нағымашова
І-орын: «Н.Г.Иванов ЖББМ»-нің 8 сынып оқушысы Тәпен Ұлпан. Жетекшісі: А.Балтабек
ІІ-орын: «Ы.Алтынсарин ЖББМ»-нің 8 сынып оқушысы Тәжиева Гүлім. Жетекшісі: А.Сейдахметова
ІІІ-орын: «Қ.Топаев ЖББМ»-нің 8 сынып оқушысы Ербол Дильназ. Жетекшісі:Ә.Ахметжанова

Пайдалы ақпараттық ресурстар