2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Желт 2024
Жаңалықтар

«Алтын тұғыр» аудандық олимпиадасы

2023 жылдың 3 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» аудандық олимпиадасы «Ш.Уәлиханов ЖББМ» базасында өткізілді.Ауданнан 23 мұғалім қатысты. Негізгі мақсаты: бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Олимпиада қорытындысы төмендегідей болды:
І-орын: «Шұбалаң НББМ» -нің бастауыш пәні мұғалімі-М.Адешова
І-орын: «М.Дулатов ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Г.Алимжанова
ІІ-орын: «Амангелді ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Г.Садвакасова
ІІ-орын: «Қаратүбек ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Д.Хамзина
ІІ-орын: «А.Қоңқабаев ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Л.Султангалиева
ІІІ-орын: «Ш.Уәлиханов ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Э.Кадирментаева
ІІІ-орын: «Ы.Алтынсарин ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-К.Есенбаева
ІІІ-орын: «Жангелдин ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Л.Естайлақова
ІІІ-орын: «Түйемойнақ БМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-А.Қазымбекова
ІІІ-орын: «Амангелді ЖББМ»-нің бастауын пәні мұғалімі-Г.Кадирова

«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында «Амангелді ЖББМ»-нің бастауыш пәні мұғалімі М.Амиртаева және «А.Қоңқабаев ЖББМ»-нің бастауыш пәні мұғалімі Г.Бекентаева «Ерекше жетістігі үшін» мадақтамасымен марапатталды. І орын алған мұғалімдер «Алтын тұғыр » олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар