2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

27 Желт 2024
Жаңалықтар

2023 жылдың 19 қазан күні облыстық "ЫБЫРАЙ оқулары" өтті

2023 жылдың 19 қазан күні облыстық "ЫБЫРАЙ оқулары" өтті. "ЫБЫРАЙ оқуларына" ауданнан 2-і номинация бойынша 2 оқушы қатысты. 6_7 сынып оқушылар 1-ші номинация бойынша "ЫБЫРАЙ өлеңдерін жатқа айтса", 8_9 сынып оқушылары 2-ші номинация бойынша "ЫБЫРАЙ әңгімелерін" жатқа айтты.Байқау қорытындысы бойынша: 6_7 сынып оқушылары арасынан "ЫБЫРАЙ өлеңдерін" жатқа айту номинациясы бойынша "Ы.Алтынсарин ЖББМ" 6 сынып оқушысы Алпысқызы Жайна І орын дипломымен марапатталады. 8_9 сынып оқушылары арасынан "ЫБЫРАЙ әңгімелері" номинациясы бойынша "Ы.Алтынсарин ЖББМ" 9 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан қатысқаны үшін сертификат пен марапатталады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар