2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

27 Желт 2024
Жаңалықтар

"Зерде ғылыми жобасы"

2023 жылдың 18 қазан күні 2_7 сынып оқушыларына арналған "Зерде ғылыми жобасы" өткізілді. Аудан бойынша 2_7 сынып арасынан 102 оқушы қатысты. 2_4 сынып бойынша: 38 оқушы қатысса, 5_7 сынып бойынша: 64 оқушы қатысты. Ғылыми жобаға оқушылар 12 секция ішінен 11 секцияға қатысты

Негізгі мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту; кіші және орта жастағы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

1 секция: Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша: 10 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлдегер атанды.
2 секция: Орыс тілі мен әдебиеті бойынша: 7 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер болды.
3 секция: Ағылшын тілі бойынша: 5 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер атанды.
4 секция: Математика және қолданбалы математика бойынша:16 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлдегер болды
5 секция: Йизика, космос бойынша: 1 оқушы қатысты. Жүлдегер жоқ.
6 секция: Туризм және спорт бойынша оқушылар қатыспады.
7 секция: Тарих, өлкетану бойынша: 6 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлдегер атанды.
8 секция: Этномәденниеттану бойынша: 12 оқушы қатысып, 9 оқушы 1,2,3 орындарды иеленді.
9 секция: Химия, биология пәні бойынша: 20 оқушы бақ сынап, 10 оқушы жүлдегер атанды.
10 секция: Медицина, психология, экология бойынша:15 оқушы қатысып, 11 оқушы 1,2,3 орындарды иеленді.
11 секция: Информатика, робототехника бойынша:7 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер болды.
12 секция: Технология және өнер бойынша: 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлдегер атанды. Әр секция бойынша 1 орын иелеген оқушылар, облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық кезеңге ауданнан 10 оқушы қатысады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар