2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

27 Желт 2024
Жаңалықтар

"Атажұрт білімділер мекені" интеллектуалдық сайысы

2023 жылдың 17 қазан күні аудандық "Атажұрт білімділер мекені" интеллектуалдық сайысы өткізілді.Негізгі мақсаты: Ғ.Қайырбековтың шығармаларымен таныстыру, туған жер табиғатын, тарихын білу, зияткерлік- шығармашылық потенциалын дамыту. Байқауға барлығы 15 мектеп қатысты. Байқау 4 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 4 кезең бойынша сараланды. Байқау қорытындысы төмендегідей:

1 - орын "С.Мауленов ЖББМ" оқушылары иеленді.
2 - орын: "Ы.Алтынсарин ЖББМ" оқушылары мен "Ш.Уәлиханов ЖББМ" оқушылары иеленді.
3- орын: "Албарбогет ЖББМ" оқушылары,"Жангелдин ЖББМ" оқушылары, "А.Қоңқабаев ЖББМ" оқушылары, "Шұбалаң НББМ" оқушылары, "Амангелді ЖББМ" оқушылары иеленді.
1 орын иелеген мектеп оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар