2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

20 Маус 2025
Жаңалықтар

«Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестат иегерлерін салтанатты марапаттау іс -шарасы

2025 жылғы 18 маусымда  Жангелдин ауданының әкімі Дінмухаммед Серікұлы Бидашев және «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абай Қасымұлы Қасымның, ата-аналар өкілдері мен, мекеме басшылары, білім қызметкерлері  қатысуымен 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаты иегерлерін салтанатты құттықтауы өткізілді.

Аудан әкімі Д.С.Бидашев түлектерді  қуанышты күнімен құттықтап, «Алтын белгі» аттестаты иегерлеріне төсбелгілері мен Қостанай облысының әкімі Қ.І.Ақсақаловтың  Құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады.

Аудан бойынша «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатына 5 үміткер ие болды. Олар,

  1. Асылханқызы Ақерке, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет

жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. Жақсылық Жанкүміс Бақытқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің

Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 

  1. Қабден Айзере Серікқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан

Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. Сабырова Инабат Қаламбекқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің

Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 

  1. Сейдағали Нұрсая Мұратбекқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің

Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18

наурыздағы № 125 бұйрықтың 52 тармағы негізінде және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі делінген.

Барлық түлектерге сәттілік, заман талабына сай мамандықтарын таңдап, ары қарай жоғары оқу орнында білімдерін жалғасуына тілек білдіреміз!

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар