2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

16 Қаз 2025
Жаңалықтар

«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кезекті Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелері қаралды.

2025 жылғы 16 қазанда  «Жангелдин ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қасым  төрағалығымен Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелері, оның ішінде Білім беру ұйымдарында нөлдік бақылау қорытындылары туралы, оқу жылының басталу кезінде білім беру ұйымдарын аралау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау туралы, мектеп формасына қойылатын талаптар, діни сенімдерге байланысты мектепке бармайтын оқушылардың мониторингі, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қойылатын талаптар, педагогтердің сапалық құрамы, Мемлекеттік аттестаттаудан өтіп жатқан білім беру ұйымдарымен жұмыстары. Сонымен қатар, өзекті мәселелер ішінде Білім беру ұйымдарында оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, ас блоктарының санитарлық талаптарғай сай жұмысы, тамақтанудың Жаңа стандарты бойынша қойлатын талаптары; «Оқитын ұлт» байқауына тіркелу, есеп беруі туралы сұрақтары  қаралды.

Кеңес отырысының бірқатар шешімдері шығарылып, жұмыс жасауға тапсырмалары берілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар