Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің Ұлттық диктант жобасын жүзеге асыру мақсатында Жангелдин ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары мен педагогтардан нұсқаулыққа сәйкес диктант алынды. «Ұлттық диктант»–мемлекеттік тілдің мәртебесін азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба. Жобаның негізгі мақсаты-мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі болып табылады. Жобаның маңызы: -қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтеді; -сауатты жазуға ынталандырады; -тілгі деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастырады; -ұлттық бірегейлік пен рухты көтереді Қорыта айтқанда, жоба жылдан жылға өзектілігін жоғалтпай, халықтық сипат алатынына сеніміміз мол.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9618-ltty-diktant.html#sigFreeIda94c474472

