2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

12 Қаң 2026
Жаңалықтар

Ұстаз - ұрпақтың шамшырағы

Шәкірт жүрегіне ізгілік ұялатып, болашаққа жол көрсетіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыздың төл мерекесі қарсаңында 4 қазан күні Нұрхан Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде бас қосу өтті.

Мерекелік іс - шараға аудан әкімі Д. С. Бидашев, аудандық мәслихат төрайымы А. М. Ержігітова және ауданның ардагер ұстаздары қатысты.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі ұстаздар мен ардагерлерді қызу құттықтап, марапаттар табыс етті.

Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі көп жылғы еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз жергілікті кәсіподақтың "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.

Сондай - ақ, білім беру бөлімінің басшысы А. Қасымұлы ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтай отырып, білім саласына қосқан зор үлестері үшін бірқатар ұстаздарды марапаттап, кәсіподақ тарапынан сыйлықтар табыс етілді.

Кеш соңында ардагер ұстаздарға ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Барлық ұстаздар қауымын және марапатқа ие болған әріптестерді марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар