2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

13 Қаң 2026
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған заңнама мен Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша онлайн жиналыс өтті

2025 жылғы 22 қазан күні «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қасымның төрағалығымен онлайн режимінде «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау үшін және алдын алу шаралары шеңберінде барлық мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында қолданыстағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларының талаптарын түсіндірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар