2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

15 Қаң 2026
Жаңалықтар

2025 жылдың 8 қазан күні Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен

2025 жылдың 8 қазан күні Жангелдин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған "Міржақып Дулатұлы идеяларының бүгінгі күнмен үндестігі" атты гуманитарлық пән мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Аудандық семинарға аудан мектептерінен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, тарих пәні мұғалімдері қатынасты. Ұйымдастырушы, білім бөлімінің әдіскері, модератор Темирова Жанат Карбозқызы семинар бағдарламасымен таныстырып, іс - шараны ашып берді. Бағдарлама негізінде іс - шара Міржақып Дулатұлының мазарына барып, тағзым жасап,құран бағыштаудан басталды.М.Дулатұлы мұражайына барып,біртуар тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып, ұлт жанашырының күреске толы ғұмырынан бұрын беймәлім болған тың деректер естіді. Семинар барысында «Оян,қазақ! - ұлтты оятқан сөз, ұрпақты оятар жол» тақырыбында баяндама оқылып, "Міржақып тағылымы - жаңа ғасыр ұстазына бағдар", "Тарихи тұлғалар" тақырыбында шебер сынып, "М.Дулатұлы идеясы - бүгінгі ұрпаққа үлгі" тақырыбында коучинг пен "М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы", "Clothing and shoes" тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп,"Алаш ардақтысы-М.Дулатұлына тағзым" атты мектеп оқушыларының әдеби монтаж кеші өтті. Іс - шара ой бөлісіп, тәжірибе алмасудың, ізденіс пен шығармашылықтың алаңына айналды. Осындай мазмұнды іс-шаралар – мұғалімдер үшін кәсіби шеберлікті шыңдайтын, тәжірибе алмасуға,жаңа әдіс -тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік беретін алаң. Мұндай бас қосуларда алған білім мен тәжірибе алдағы оқу-тәрбие үдерісінде өз жемісін беретіні сөзсіз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар