2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

15 Қаң 2026
Жаңалықтар

Жангелдин ауданы білім бөлімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Жангелдин ауданы білім бөлімі” ММ-нің 2025жылғы 07 қазандағы №362 бұйрығына сәйкес,құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру және құқық қорғау органдарымен мектептердің өзара іс-қимыл тәжірибесін зерделеу,тиімді әдістерді талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында Жангелдин ауданы прокуратурасымен бірге отырып, “Қауіпсіз мектепке жол” тақырыбында квест семинар өткізілді. Аталмыш квест семинарға білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтары қатыстырылды. Семинар әртүрлі тренингтер,кәсіби диалог және практикалық тәжірибе жұмыстары қамтыла отырып, жүргізілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар