2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жаңалықтар

«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қасым, «Жангелдин аудандық санитариялық - эпидемологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Н.Аңсағанқызының қатысуымен Жангелдин ауданының білім беру

Ағымдағы жылдың 24 қазанында мен, «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қасым, «Жангелдин аудандық санитариялық - эпидемологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Н.Аңсағанқызының қатысуымен Жангелдин ауданының білім беру ұйымдарының директорлары мен мектептер мен балабақшаларда оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыратын Кәсіпкерлермен кездестім.

Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде тәрбиеленушілер мен балаларға берілетін тамақтандыруды ұйымдастырудың жолдары, Жаңа стандарт талаптарының орындалуы, қатаң санитарлық талаптарды сақтау, азық - түліктің сапасына, сақталуына және тамақтан улану фактілерін болдырмау, алдын алу жұмыстарына бағыт - бағдар берілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар