Республика күнімен!
Тарих төрінен ойып тұрып орын алатын - 25 қазан, Республика күні құтты болсын!
Бұл - ұлттың ұлы мұратына айналған егемендікке апарар жолдың бастауы.
1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация - азаттыққа ұмтылған халықтың үні, тәуелсіз ел болуға деген сенімі еді.
Бүгінгі бейбіт аспан, еркін өмір - сол сенімнің жемісі.
Еліміздің әр азаматының жүрегінде Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілік пен мақтаныш мәңгілікке ұяласын!
Жангелдин ауданының білім бөлімі баршаңызды Республика күнімен құттықтайды!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9647-respublika-k-nimen.html#sigFreeId022cbee32f


