2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жаңалықтар

Сізді мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ

Сізді мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Ұстаздық - ұлы да, ұлағатты жол. Бұл жолда адалдықпен еңбек етіп, жас ұрпақтың жүрегіне шырақ жаққан аяулы жандар аз емес. Солардың бірі - Жангелдин ауданы, Торғай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі, Арқалық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі,Торғай елінің ардақты да,аяулы қызы - Абдуллина Ардақ Әмірханқызы.Сіздің білім беру жолындағы тынымсыз еңбегіңіздің арқасында шәкірт жүрегінен жол тапқан ықыласыңыз, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесіңіз "Ерен еңбегі үшін" медалімен лайықты марапатталуыңыз - ұстаз қауымы үшін зор мәртебе, біз үшін - шексіз қуаныш.

Бұл - маңдай тер мен мейірімнің, адалдық пен парасаттың жемісі.

Сіздей ұстаздар - елдің шамшырағы, халықтың жүрегіндегі үміт сәулесі.

Сіздің толассыз еңбегіңіз - ел ертеңінің алтын діңгегі.

Марапатыңыз құтты болсын, құрметіңіз арта берсін!

Пайдалы ақпараттық ресурстар