2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жаңалықтар

«Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңі

2025 жылғы 24 қазан күні 8 - сынып оқушыларына арналған «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Білім додасына аудан мектептерінен 150 оқушы қатысып, өз білім деңгейі мен логикалық қабілеттерін сынға салды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын қолдау, олардың ынтасын арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және танымдық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қатысушылар логикалық ойлау, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, қазақ тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындап, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Қараша айында аудандық кезеңнің қорытындысы жарияланбақ.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар