2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жаңалықтар

Облыстық "МетодКод" форумы

2025 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық "МетодКод" форумы өткізілді. Форумның негізгі мақсаты - әдіскерлердің жеке бренді мен кәсіби ерекшеліктерін айқындап, олардың "фишкасын" дәріптеу болды. Іс - шара барысында білім бөлімінің әдіскері Жаппарова Раушан «Мен - әдіскермін және менің "фишкам"» атты тақырыпта өз іс - тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, әдістемелік кабинет меңгерушісі м.а. Болат Бекзат «Методисттің күші» тақырыбында ой бөлісіп, әдіскер мамандығының маңыздылығын және үздіксіз даму қажеттілігін атап өтті.

Форум кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ретінде әдіскерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар