2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

26 Қаң 2026
Жаңалықтар

Тағайындау

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Жангелдин ауданы білім бөлімі" ММ 2025 жылдың 29 қазандағы

220 бұйрығымен Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры болып Аубакиров Берик Утепбергенович тағайындалды.

1973 жылы 13 маусымда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Педагогикалық қызмет өтілі - 18жыл 10 ай 27күн.

Пайдалы ақпараттық ресурстар