2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

30 Қар -0001
Жаңалықтар

IT-МҰҒАЛІМІ 2025

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

IT-МҰҒАЛІМІ 2025

2025жылы 06 қараша күні өткен «IT-мұғалімі облыстық байқауында “С.Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің Информатика пәні мұғалімі Ержанова Айнагуль Нурдаубаевна заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді білім беру процесіне тиімді енгізіп, оқытуға деген креативті көзқарасы мен жоғары кәсіби шеберлігін дәлелдеп, жеңіске жетті!

Бұл байқау – білім берудегі цифрлық трансформацияға бағытталған заманауи платформалар мен ІТ шешімдерді игерген педагогтер үшін маңызды алаң.

Ержанова Айнагуль Нурдаубаевнаның бұл жетістігі – білім беру саласындағы инновацияны ілгерілетуге қосқан зор үлесі мен үздіксіз ізденісінің жемісі.

Информатика пәні– болашақтың тілі. Ал оны үйрететін ұстаз – осы болашаққа бастар жолдың сәулетшісі!

#ITмұғалімі #ЦифрлықБілім #ИнновациялықОқыту #АймақтықБайқау #ЦифрлықПедагог #БілімдеЖаңашылдық

Пайдалы ақпараттық ресурстар