2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

30 Қар -0001
Жаңалықтар

«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңі

«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңі


2025 жылдың 5 қараша күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»конкурсының аудандық кезеңі өтті.


Аталған байқауға 35 педагог әртүрлі бағыт бойынша қатысып, өздерінің шығармашылық және инновациялық идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде 22 педагог жүлделі I, II, III орындарды иеленді.
Фестивальдің негізгі мақсаты — педагогтардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіби өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату болып табылады.


Облыстық кезеңге жолдама алған педагогтар:


«Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша:

Жаңагүл Қарина Жақсылыковна– Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша:

Жеңіс Құлтанов Ғабдумәлікович– Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің құқық пәні мұғалімі


«Шығармашылық толқын» бағыты бойынша:

Гүлнұр Магауова Қайратқызы – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі


«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша:

Айгерім Есекеева Төкешқызы– Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары


«Психолог сандықшасы» бағыты бойынша:

Жанар Қоскулова Мұхтарқызы– Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы


Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар