2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

14 Ақп 2026
Жаңалықтар

Кітап оқитын ұлт

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Жоба еліміздің рухани жаңаруы мен зияткерлік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.
Жангелдин ауданы бойынша "Кітап оқитын ұлт" жобасына тіркелген педагогтар мен оқушылардың мәліметі төмендегідей:
-Жангелдин ауданы бойынша жалпы тіркелім саны - 865
-Аудан бойынша кітап оқып жатқан педагогтар саны - 400
-Аудан бойынша кітап оқып жатқан оқушылар саны - 465.
Осы жобада рейтинге ілінген 4 мұғалім бар. Олар: Накенова Гүлбақыт, Ильясова Айгерім, Алпамыс Ажар, Үсенбаев Аман.

Пайдалы ақпараттық ресурстар