Жаңа тағайындау!
"Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жанегелдин ауданы білім бөлімі" ММ 2026 жылдың 26 қаңтарындағы № 7 бұйрығымен "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры болып Болганбаева Лаззат Муратбековна тағайындалды.
Болганбаева Лаззат Муратбековна
1989 жылы Амангелді ауданы Шөптікөл кеңшары, Өтеміс ауылында дүниеге келген.
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Арқалық қаласы, Фурманов ауылы, Фурманов жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәнінің мұғалімі болып бастады.
2019 жылы Жангелдин ауданы, Көлқамыс ауылы, Айса Нұрманов атындағы негізгі мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2020 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылы, Албарбөгет жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәнінен сабақ берсе, 2022 жылдан бастап мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.



