2026 жылғы 19 наурызда "Жангелдин ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен ZOOM форматында білім беру ұйымдарының басшыларымен аппараттық жиналыс өткізілді.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аппараттық жиналыс отырысында ең басты мәселе жалпы орта білім туралы "Алтын белгі", үздік аттестатқа үміткерлермен дайындық жұмыстарын жүргізу, "Оқитын ұлт" жобасы аясындағы өтіп жатқан кезеңдер бойынша жұмыстар және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі.


Қазақстанда Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн мейірімділікке, тату көршілікке, волонтерлікке арналады. Сондай - ақ мейірім танытуға, көмек пен қамқорлық көрсетуге, қайырымдылық іс - шараларын өткізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметтің волонтерлері және басқа да тұлғалардың қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Осы жаңа тұжырымдама аясында 2026 жылғы 15 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлының қатысуымен қайырымдылық жасау іс - шаралары өткізілді.

24 Ақп 2026
Жаңалықтар

Облыстық олимпиада – білім додасы

Облыстық олимпиада – білім додасы 
Ертең 7–8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтеді.
Осыған орай, білім бөлімі басшысы А. Қасымұлы олимпиада жеңімпаздарының жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім бөлімі басшысы А. Қасымұлы ұстаздар мен оқушыларға жеке қолдау білдіріп, алдағы облыстық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетуге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, кездесуге әдістемелік кабинет меңгерушісі Б. Болатқызы қатысып, облыстық олимпиаданың маңызы туралы өз ойын білдірді.
Аталған білім додасына ауданымыздан 13 оқушы қатысқалы отыр. Кездесу барысында ұстаз еңбегі ерекше атап өтіліп, қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.
Барша қатысушыларға жоғары нәтиже мен сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар