Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жанеглдин ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы, әдіскерлер Темирова Жанат Карбозовна, Сапенов Қанат Мәрденұлы және ардагер ұстаздар Ражанов Қонысбай Сапабекұлы, Хамитов Нұрлан Сәбитбекұлының қатысуымен 2027 жылы Торғайдың 100 жылдығына орай Жангелдин ауданының білім, оқу-ағарту саласының «Энциклопедиясын құрастыру және шығару» жөнінде ақылдасу отырысы өткізілді. Отырыс барысында бөлім басшысы Қасым Абай Қасымұлы Энциклопедияның мақсаты, көлемі, құрылымы және мазмұны жөнінде ақпарат берді. Ақылдасу отырысында қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын білдіріп, жобаның сәтті болуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісімдерін берді.
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9671-k-st-n-j-blysy-a-imdigi-bilim-b-sk-rm-syny-zh-negldin-ud-nyny-bilim.html#sigFreeIdf1ac44fcd0


