Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында барлық өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойынын өткізу жоспарланды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық қалыптастыру.
Осы жоспар аясында Жангелдин ауданында 2025 жылғы 3 желтоқсанда «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінен жалпы саны 327 оқушы қатысты.
Қатысушылар арасынан үздік нәтиже көрсеткен 3 оқушы облыстан 1 орын алып жақсы нәтиже көрсетті.Бұл – аудан оқушыларының белсенділігі мен білім деңгейінің жоғары екендігін көрсететін маңызды жетістік.
Алдағы уақытта да білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.


