Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Қасым Абай Қасымұлының төрағалығымен білім беру ұйымдары басшыларымен онлайн форматта аппараттық жиналыс өтті.
Жиында білім сапасын арттыру, дарынды оқушылармен жұмыс, олимпиадаларға қатысу, ҰБТ нәтижелері, педагогтардың аттестациясы, оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауы, «Кітап оқитын ұлт» және «Адал ұрпақ» жобаларының жүзеге асырылуы мәселелері қаралды.
Әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар беріліп, білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.
Білім сапасы – басты назарда!
https://bb-dzhangeldi.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9673-zhiynd-bilim-s-p-syn-rttyru.html#sigFreeIdf4330338a3


