Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сыныптар арасында облыстық кезеңі Рудный қаласында 2026 жылдың 9-11 ақпан күндері өтті. Бұл лига ойындарына лига ойындарының аудандық кезеңінің жеңімпаздары Ы.Алтынсарин атындағы жалпы мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысқан болатын.Жарыс қортындысы бойынша жалпыкомандалық 2-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз оқушылармен , жаттықтырушысымен Жангелдин ауданының білім бөлімі басшысы А.Қасымұлы кездесу өткізіп, жас спортшыларға, сабақты жақсы оқып, спортта жақсы нәтижеге жетулеріне тілек білдірді.

