12 Мамыр 2026
Жаңалықтар

Педагогтерді аттестациядан өткізу бойынша онлайн-кеңес өткізілді

Педагогтерді аттестациядан өткізу бойынша онлайн-кеңес өткізілді

2026 жылдың 17 ақпан күні педагогтерді аттестациядан өткізу мәселесі бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен Zoom платформасы арқылы жиын өткізілді.

Жиналыс барысында әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.а. Бекзат Болатқызы мен әдіскер Қанат Марденұлы әр мектеп бойынша аттестацияға қатысатын педагогтердің құжаттарын талқылап, нақтылау жұмыстарын жүргізді.

Жиын қорытындысы бойынша:

  1. Аттестацияға қатысты құжаттарды платформаға толық әрі талапқа сай жүктеу тапсырылды.
  2. Құжаттарды жинақтау жұмыстарын 2026 жылдың 20 ақпанына дейін аяқтау міндеттелді.
  3. Педагогтердің біліктілік тестілеуінен уақытылы әрі нәтижелі өтуін қатаң бақылау қажеттігі ескертілді.
  4. Портфолио материалдарының сапасына ерекше назар аудару тапсырылды.
  5. Әр мектепте түсіндіру жұмыстарын күшейту және әдістемелік қолдау көрсету ұсынылды.
  6. Платформада құжат жүктеу кезінде қателіктерге жол бермеу және мерзімдерді сақтау қатаң талап етілді.
  7. Аттестация процесінің ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынатыны ескертілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар