12 Мамыр 2026
Жаңалықтар

5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиада

5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиада

2026 жылдың 19 ақпан күні 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық кезең өтті.

Олимпиадаға ауданымыздан 9 оқушы қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Олимпиада келесі пәндер бойынша ұйымдастырылды:

  1. Орыс тілі
  2. Қазақ тілі
  3. Ағылшын тілі
  4. Қазақстан тарихы
  5. Математика
  6. Жаратылыстану

Облыстық кезең – оқушылардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін шыңдайтын маңызды білім сайысы. Қатысушылар үлкен жауапкершілік пен дайындықтың нәтижесін көрсетті.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Білім додасында табысқа жетіп, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Сәттілік пен жеңіс серік болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар